Нью-Йорктегі метро станциясында болған атыстан кемі 16 адам жараланды

Атыс болған аймақ. Нью-Йорк, 12 сәуір 2022 жыл.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы Бруклин ауданындағы 36-көшедегі метро станциясында атыс болып, кемі 16 адам жараланды. Бұл туралы қала полициясы хабарлады.

Атыс Нью-Йорк уақытымен таңғы 8:30 шамасында (Алматы уақытымен 18:30) болған. Қазір полиция күдіктіні іздеп жатыр.

Метрода жараланған адамдар. Нью-Йорк, 12 сәуір 2022 жыл.

Метро платформасына жарылғыш зат орналасқан деген хабар тарағанымен Нью-Йорк полициясы бұл ақпаратты растамады.