Бір жарым айдан бері Ресей қоршауында қалған Мариупольдің дәл қазіргі көрінісі

Мариуполь билігі қаладағы 80-90 пайыз ғимарат толық қирады деп мәлімдеген. 

Мариуполь әкімшілігі соғыс басталғалы қалада 21 мың бейбіт тұрғын қаза болды дейді. Украина президенті Зеленский Мариупольде ондаған мың адам опат болғанын айтқан еді. 

Қалада 100 мыңнан аса бейбіт тұрғын қалған. 

Қазір Мариуполь қаласы үшін Украина мен Ресей арасында кескілескен шайқас болып жатыр. 

Қалада жылу, жарық, газ жоқ. Мына суретте жұрт кезекпен құдықтан су алып жатыр. 

Мариупольде ілінген Ресей туы. 

Қалада жүрген ресейлік әскери мен тұрғындар. 

Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Анрющенко Ресей 9 мамырда Ресей осы қалада әскери шеру ұйымдастыруды жоспарлайды деп мәлімдеді. "Бізде бар ақпарат бойынша, Мариупольдің өзін-өзі жариялап алған мэрі Иващенко 9 мамырда парад өткізу үшін қаланың орталығын қирандылар мен мәйіттерден тазарту туралы бұйрық алған" деді Анрющенко.

Қаланың бір бөлігін ресейлік әскерилер күзетіп жүр.