Жаңадан құрылатын Ұлытау облысының құрамына үш қала мен екі аудан кіреді

Жезқазған қаласы. Көрнекі сурет.

Жаңадан құрылып жатқан Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарын енгізу ұсынылды. Облыс орталығы Жезқазған қаласы болады. Ал Қарағанды облысының құрамында Қарағанды, Балқаш, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Приозёрск қалалары, бұған қоса жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстың жаңа әкімшілік-территориялық бөлінісі талқыланған.

Қарағанды облысының жаңа әкімшілік-территориялық бөлінісі. Скриншот.

Ақпаратқа қарағанда, ғылыми сараптама жүргізіліп, ғалымдар облысты бөлудің дұрыс шешім екенін растаған. Қазір "экономикалық есептеулер жүргізіліп жатыр". Үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту ұсынылады. Схемалық карта жобасы әзірленген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз ортасындағы халыққа жолдауынан кейін Қазақстанда тағы үш облыс пайда болатыны белгілі болған: Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында – Абай облысы, Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде – Ұлытау, Алматы облысы аумағында Жетісу облысы құрылады.

Бұған дейін үш облыс маусым айына дейін құрылуы мүмкін екені хабарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына қай аудандар кіретіні анықталдыАлматы мен Жетісу облыстарын бөлу жұмыстары басталдыҚала мәслихаты Қапшағайға Қонаев атын беру туралы шешім қабылдады"Жаңа елбасы жасаудың қажеті жоқ". Тоқаев жолдауы туралы сұхбатҚазақстанда жаңа үш облыс пайда болады: Абай, Ұлытау және Жетісу