Сара Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" пәнін оқу енді міндетті емес

Your browser doesn’t support HTML5

Келесі оқу жылынан бастап Сара Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" пәнін оқу міндеттелмейді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Азаттық тілшісіне мұның себебін нақты түсіндіре алмады. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаеваның идеясымен 2010 жылдан бастап "Өзін-өзі тану" пәні міндетті пән ретінде енгізілген.