Түрікменстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсету ниетін білдірді.
Түрікменстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, украин еліне гуманитарлық көмек сәуір айының аяғына дейін жөнелтіледі.
"Түркімен елінің гуманизм салтына сәйкес, Түрікменстан украин халқына сәуірде гуманитарлық көмек жібереді", - делінген мәлімдемеде.
Ақпаратқа қарағанда, гуманитарлық жүк дәрі-дәрмектерден және тоқыма бұйымдардан тұрады.
Түрікменстан Ресейдің Украинаға шабуылын айыптаған БҰҰ-ның резолюциясына дауыс берген жоқ. Мемлекеттік ақпарат құралдары Украинадағы соғыс жайында хабар таратпайды. Мәскеуге енгізілген санкциялардан кейін түркімен билігі Ресейге экспортталатын өнімдерді арттырып жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Түркия күшейе береді". Ердоғанның Украина, Ресеймен қатынасы және "соғыс ойындары"Экспорт шектеудегі мүдделер қайшылығы. Қазақстан бидайы қай диірменге барады? Қытай Орталық Азияда үстемдік орнатуға ұмтылып жатырРесей Украинадағы соғыста ядролық қару қолдана ма? Сарапшылар пікіріСанкция қыспағындағы Ресейде еңбек мигранттары жұмыссыз қалып жатыр