Заң жобасы Ресейдің 2 миллион доллардан асатын активтерін қамтиды. Оның ішінде Ресейдің энергетика компанияларының мүлкі мен Ресей билігімен әріптестік арқасында алынған активтер де бар. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты хабарлады.
Тәркіленген актив сатылып, түскен ақша Украина инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге, гуманитарлық және әскери көмекке, өзге елдерде жүрген украиналық босқындарды қолдауға жұмсалуы мүмкін.
Осының алдында Украинаның әділет министрі Денис Малюська Киев Батыс елдерінде Ресейдің бұғатталған активтерін әскери әрекеттен зардап шеккен инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге пайдалануға ниетті екенін айтқан. Ол үшін арнайы заң қабылдануы қажет екенін жеткізген.
Ресей Украинаға басып кіргелі бері, АҚШ және өзге де Батыс елдері Ресейдің 640 млрд долларға жуық активін бұғаттаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Украинадағы соғыста 25 сәуір - 1 мамырда не болды?