Луганск облысының билігі: Ресей авиациясы Белогоровкадағы мектепке соққы жасады

Белогоровкдағы мектеп әуе соққысынан кейін.

Ресей әскері Луганск облысы Белогоровка ауылындағы мектепке әуеден соққы жасап, ондаған адам қаза болды. Бұл жөнінде Луганск облысының билігі хабарлады. Биліктің болжамынша, мектепті уақытша паналаған шамамен 60 адам қаза болған болуы мүмкін.

Екі адамның өлгені расталған, шамамен 30 адам құтқарылған. Луганск облысы әкімшілігінің жетекшісі Сергей Гайдайдың айтуынша, 60 адамның қайда екені белгісіз. Олар үйінді астында қалған болуы мүмкін.

Ресей әскері Белогоровкаға жасалған соққыға байланысты түсініктеме бермеді. Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Ресей әскерінің бейбіт тұрғындардың өліміне қатысы барын мойындамаған. Атап айтқанда, Мариупольдегі перзентхана мен драма театры, Краматорскідегі вокзалға жасалған соққыдан қаза болған адамдардың өліміне қатысы барын терістеген.

Белогоровка қазір Ресей армиясы мен сепаратистері шабуылдап жатқан Лисичанск және Северодонецк қалаларының батысына қарай орналасқан.

БҰҰ мәліметінше, Ресей басқыншылығы басталғалы бері үш мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза болған. Сарапшылар қаза болғандар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін, себебі соғыс жағдайында қаза болғандар жайлы мәлімет алу қиын екенін айтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Путин соғыста жеңсе, мұнымен тоқтап қалмайды". Ресей соғысы мен пропагандасын зерттеген ғалыммен сұхбатКремль енді Молдоваға көз салды ма? НАТО мен АҚШ-тың экс-қолбасшысы: Украинадағы соғыс Ресейді ұлт ретінде әлсіреттіУкраина шығысындағы шайқас қалай жүріп жатыр?Батыс берген қару-жарақ Украинаға көмектесе ала ма? Сарапшымен сұхбат