АҚШ сенаты Украинаға 40 млрд доллар көлемінде қосымша көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы "Америка дауысы" сайты хабарлады.
Қаражат Украина мен көрші елдерге әскери және экономикалық көмек беруге жұмсалады.
Миллиардтаған доллар экономикалық және гуманитарлық көмек ретінде бөлінеді. Жанжалдан кейін туындаған ғаламдық азық-түлік дағдарысы мәселелерін шешуге ақша қарастырылған, деп жазды басылым.
Сенат 13 мамырда бұл құжатты қабылдай алмады, өйткені оған республикашыл Рэнд Пол бөгет жасаған. Саясаткер заң жобасына жұмсалатын ақша аудит жүргізетін федералдық инспектор шығынын есептеп қосуды талап еткен.
Шамамен 40 млрд доллар бөлу жөніндегі заң жобасын 10 мамырда Конгрестің төменгі палатасы қабылдаған. АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен Украинаға 33 млрд доллар бөлуін сұраған, бірақ конгрессмендер қаражатты көбейту керек деп шешті.
Заң жобасына Джо Байден қол қояды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания Украинаға тағы 1,6 млрд доллар көлемінде әскери көмек береді