"Ол жақта тозақ". Зеленский Ресей Донбасты тұтас қиратты дейді

Мариуполь қаласы.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Донбасты "тұтас қиратты" деп мәлімдеді.

19 мамыр күні кешкісін жариялаған видео мәлімдемесінде Зеленский Ресей күштері украиндарды өлтіріп, геноцид жасап жатқанын қайталады.

"Ол жақта тозақ — бұл асыра айтқандық емес, 19 мамырда Донецкінің солтүстік өңірінде атқылаудан 12 адам қайтыс болды", - деді Украина президенті.

"Одесса облысын, Украинаның орталық қалаларын атқылап жатыр. Донбасс толығымен қирады", - деді Зеленский.

Зеленский 19 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен және Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйенмен қаржылай көмек және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі жөнінде сөйлескенін жеткізді.

Осының алдында Қызыл Крест Халықаралық комитеті Мариупольдағы "Азовсталь" металлургиялық комбинатынан шыққан жүздеген украин сарбазын әскери тұтқын ретінде тіркеуді бастағанын мәлімдеген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ Украинаға $40 млрд қосымша көмек береді"Өзін жек көретіндер үшін жанын пида етті". Мәскеу Украинадағы соғысқа Ресей қазақтарын да салып жатырРесей басып алған жерде украин шенеуніктерін тұтқындап, қысастық жасайдыУкраина күштері Ресей танкілерін дроннан тасталған ескі совет снарядымен жояды