Канада Ресейдің 22 азаматы және төрт компаниясына жаңа санкция салды.
Жаңа санкция тізімінде Ресей президенті Владимир Путиннің көңілдесі деп айтылып жүрген Олимпиада чемпионы Алина Кабаева, "Альфа-групп" компаниясына иелік ететін миллиардер Михаил Фридманның екі қызы, "Новикомбанк" басқарма төрайымы Елена Георгиева, Орал тау-металлургия компаниясының бас директоры Андрей Козицын, Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директорының бірінші орынбасары Анатолий Браверман, "Сбербанктің" бұрынғы басшысы Сергей Мальцев, "ВТБ банктың" төраға орынбасары және басқа да азаматтар бар.
20 мамырда Канада Ресейдің 14 азаматына санкция салған. Олардың арасында "ресейлік олигархтар, Путиннің отбасы мүшелеріне жақын адамдар" болған. Осының алдында Алина Кабаеваға қарсы Ұлыбритания санкция салған.
Бірқатар ақпарат құралдары дереккөздеріне сүйеніп, Алина Кабаеваны Путиннің әйелі және екі баласының әкесі деп жазып келеді. Швейцарияның SonntagsZeitung газеті Кабаеваның 2015 және 2019 жылдары босанғанын жазған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Пропагандист үшін бе, әлде Путиннің "тоқалы" болғандықтан ба? Алина Кабаева санкцияға іліндіШвейцария басылымы Путиннің 2015 және 2019 жылдары туған "екі ұлы" туралы жаздыWSJ: АҚШ қауіпсіздік кеңесі Путиннің "әйелі" Кабаеваға санкция салуға шектеу қойғанРесейдің "Ұлттық медиа тобы" сайтынан Путиннің "көңілдесі "Алина Кабаева жайлы ақпаратты алып тастағанПутиннің құпия қыздары Петербургтегі форумға қатысты