Жемқорлықпен күрес агенттігі Мәсімовтің туысы туралы ақпаратқа 12 миллион теңге сыйақы тағайындады

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Кәрім Мәсімовтің туысы Нұрлан Мәсімов.

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жариялаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енді оның қайда екенін айтқан адамға сыйақы тағайындады. Сыйақы көлемі – 400 айлық есептік көрсеткіш немесе шамамен 12,7 млн теңге немесе 30 мың доллар.

Агенттік айтқан адам туралы ақпаратты құпия сақтауға уәде берді.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі, 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен қаңтар ортасында босатылған еді. Ол мекемені 2019 жылдың қарашасынан басқарып келген. 22 сәуірде Жемқорлықпен күрес агенттігі Мәсімовке іздеу жариялаған.

Кәрім Мәсімовтің өзі "Билікті басып алу" және "мемлекетке опасыздық жасау" баптары бойынша күдікке ілініп, қазір тергеу изоляторында отыр.

56 жастағы Кәрім Мәсімов – Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Назарбаев оны 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындаған. Мұның алдында ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет премьер-министр қызметін атқарған.

Қаңтар оқиғасынан кейін ықпалы азайды деген экс-президент Назарбаев жуырда "Назарбаев қорының" активтерін басқаруға Мәсімов жауапты болды деп мәлімдеген. Ұйымдасқан жемқорлықты зерттеу орталығы Назарбаев осы қор және тағы үш ұйым арқылы құны 8 млрд доллар болатын алып бизнес-империяны басқарған деген қорытындыға келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Тоқаев негізгі адамдарға тиіспей отыр". Назарбаев туыстарының қамалуы мен "жаңа қожайын" іздеп жүргендер жайлыКәрім Мәсімовтің немере інісіне іздеу жарияландыҚаңтардағы "лаңкестер", "мемлекетке опасыздық жасағандар", саяси реформа жайлы кезекті уәде"Кланның әлсіреуі". Назарбаев туысының ұсталуы нені білдіреді?ҰҚК Мәсімовтің "қымбат сарайлары мен үйлеріне" тыйым салып, мүліктерін тәркілегенін хабарлады