Назарбаевтың дауысы, Тоқаевтың "20 мың бандиті", президентті Ленинге теңегендер. Референдум қалай өтті?
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда 5 маусым күні Конституцияға енетін өзгерістерге байланысты референдум өтті. Учаскелерге келген тұрғындардың біразы жұмыс орындарына, басшылыққа есеп тапсыратынын айтты. Тәуелсіз бақылаушылар кейбір учаскеде өздеріне қысым жасалғанын, мүшелерінің саяси науқанды бақылауына жол берілмегенін хабарлады. Алматыда саясаткер Жанболат Мамайды абақтыдан босатуды талап еткен белсенділер дауыс беру учаскесінде қарсылық акциясын өткізді. "Оян, Қазақстан" қозғалысының белсендісін полиция наразылық пикет өткізіп тұрған жерінен ұстап әкетті. Референдум күні қаңтар оқиғасынан бері ел алдына шықпаған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді. Ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасының құрбандары туралы айтты және "Алматыға 20 мың бандит шабуылдады" деген қаңтардағы сөзіне байланысты түсініктеме берді.