Францияның TotalEnergies компаниясы Катардың энергетикалық жобаларындағы алғашқы ірі шетелдік серіктес болды. Еуропа компаниясы North Field East (NFE) газ жобасының 6,25 пайыз үлесін шамамен екі миллиард долларға сатып алды. Бұл жөнінде France 24 телеарнасы хабарлады.
"NFE Катарға сығымдалған табиғи газ өндірісін 2027 жылға қарай 60 пайыздан аса ұлғайтуға көмектеседі" деп хабарлайды TotalEnergies. Бұл келісім компанияның Ресейден кеткеніне орай тартқан шығынын жабуға жәрдемдеседі.
Катардың энергетика министрі Саад Шерид әл-Кааби бірлескен кәсіпорын жұмысы 2054 жылға дейін жоспарланғанын айтты. "Өзге шетел компаниялары да NFE үлесін сатып алады, бірақ олардың ешбірінің үлесі TotalEnergies үлесінен көп болмайды" деген Кааби өзге шетел компанияларының атын атамады. Бұл саладағы қауесеттерге қарағанда, сөз - ExxonMobil, Shell және ConocoPhillips туралы болуы мүмкін.
3 маусымда Еуроодақ Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге санкцияның алтыншы пакетін салған. Санкцияға Ресей мұнайы да ілініп, шектелген. Еуропа одағы алты ай ішінде Реесй мұнайын, сегіз ай ішінде мұнай өнімдерін импорттаудан бас тартатындығы жөнінде шешім қабылдаған. Еуропа елдері Ресей мұнайының орнын басатын энергоресурстар іздестіріп жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Еуропа одағы Ресей мұнайына эмбарго салу мәселесі жөнінде келісе алмай отырОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Еуроодақ санкцияның алтыншы пакетін мақұлдады: Ресей мұнайына тыйым салып, Сбербанкті SWIFT-тен ажыратпақ