Жеке байлығы бір миллион доллардан асатын 15 мыңнан астам Ресей азаматы биыл отанынан тыс жерге кетуі мүмкін. Ғаламдық экономикалық көші-қон мәселесін зерттеумен айналысатын Henley&Partners талдау агенттігі осындай болжам жасап отыр.
"Ресей миллионерлерден айырылып жатыр. Кейінгі он жылдың көлемінде Ресейден шетелге қоныс аударатын дәулетті адамдар саны жыл өткен сайын көбейіп отыр. Бұл осы елдің проблемаларға кезіккенін білдіретін белгі. Ірі мемлекеттер күйрейтін кезде үнемі ең алдымен жағдайы бар бай адамдар елден үдере көше бастайды" деп мәлімдеді зерттеуге деректер жинаған сарапшы Эндрю Амойлс.
Талдаушылардың сөзінше, байлығының қайдан шыққаны туралы заң және этика тұрғысынан проблемаға кезігуден сақтанатын ресейлік эмигранттар АҚШ пен Ұлыбританияны көшіп баруға қолайлы ел санамайды. Зерттеушілердің болжамы бойынша, дәулетті ресейліктер Біріккен Араб Әмірліктерін таңдауы мүмкін.
Одан өзге Австралия, Сингапур, Израиль, Мальта, Монако мен Маврикий елдері де олар үшін тартымды ел саналады.
Зерттеу авторларының болжамынша, биылғы жылдың аяғына дейін Украинадан шамамен 2800 миллионер, яғни миллион доллардан асатын байлығы бар азаматтардың 42 пайызы елден кетуі мүмкін.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Қазақстанды артта қалған деп ойлайтынмын." Соғыс кесірінен елінен кеткен ресейліктердің әңгімесіБҰҰ: Босқындар әлемде алғаш рет 100 миллионнан асты"Ресейге қайтпаймыз". Қазақстанға көшкен украин отбасының хикаясы"Ақшаны сақтап қалу". Путин режимінен қашқан ресейліктер Өзбекстандағы пәтер бағасын ушықтырдыСанкциялар қысқан Ресейден Арменияға көшкендер көбейді