Санкт-Петербург полициясы Ресей президенті Владимир Путиннің сөзін плакатқа жазып, пикетке шыққан қала тұрғыны Андрей Оливьериді алып кетті. Бұл жөнінде "ОВД-Инфо" хабарлап, Оливерьидің әйеліне сілтеген.
Оливьери 21 маусымда "Автово" метро станциясының алдына пикетке шыққан. Плакатында "Жеті жыл президент болсаң, ақылыңнан алжасуың мүмкін" деген жазу болған. Ол сөзді 2004 жылы Владимир Путин айтқан. Полиция "Коронавирус шектеулері" туралы тәртіпті бұзды деп хаттама толтырып, белсендіні қоя берген.
- 2004 жылы ақпанда сенімді өкілдерімен кездескенде Путин президент мерзімін 7 жылға дейін ұзартуға қарсылығын білдірген. Ол "бұл, енді, тым көп. Цифрды дөңгелетіп бес жыл деуге де болар, бірақ жеті жыл – тым көп. Егер жеті жыл бел шешпей жұмыс істесең, ақылыңнан алжасуың мүмкін", — деп сөйлеген.
- Полиция Андрей Оливьериді 13 маусымда да ұстап әкеткен. Ол кезде Андрей Путиннің "Саясаткердің ең сорақылығы – креслосына қолымен де, тісімен де жабысып қалу, - В. Путин" деген жазумен пикетке шыққан. Ол кезде де "коронавирус шектеулері тәртібін бұзды" деген айыппен әкімшілік хаттама толтырылған.
- Владимир Путин 2000 жылы Ресей президенті болып сайланған. 2008 жылы президенттікті Дмитрий Медведевке "беріп", өзі премьер-министр болған. 2012 жылы Путин қайта президент болды. 2018 тағы сайланды, 2020 жылы Ресей конститциясына өзгеріс енгізді. Осы өзгерістен кейін Путин 2024 жылы өтетін президент сайлауына қатысу құқығын алды.