АҚШ-тың дүркіндете ататын реактивті қару жүйесі (HIMARS) Украинаға келіп жетті деп жазды Twitter-парақшасына Украина қорғаныс министрі Алексей Резников. Ол "осы қуатты қару" үшін америкалық әріптесі Ллойд Остинге ризашылығын білдірген.
HIMARS реактивті қару жүйесі 80 шақырымға дейінгі қашықтағы нысананы жоя алады, яғни ресейлік осындай қарумен салыстырғанда снаряд алысқа жетеді. Украина армиясы бұл қарудың Ресей күштеріне қарсы ұрыста, әсіресе артиллерия шайқасында зор көмегі болады деп үміттенеді. Әзірге Ресей армиясы артеллерия жағынан басым болып тұр.
Бұған дейін АҚШ Киевке әскери көмек ретінде төрт HIMARS реактивті қару жүйесін беретінін мәлімдеген, қазір Украинаға тағы төрт данасын беру мәселесі талқыланып жатыр.
Украина әскерилері HIMARS қару жүйесін қалай қолдануды үйреніп, машықтанды. Бұған қоса АҚШ Украинаға дүркіндете ататын реактивті қару жүйесімен соққы беруіне қажет барлау мәліметтерін беруге уәде еткен.
HIMARS әскери снарядтың кейбір түрімен 300 километрге дейінгі қашықтағы нысанаға соққы бере алады. Бірақ АҚШ бұл қаруды Украинаға бермес бұрын, украин күштерінің Ресей аумағын атқылауына қарсы екенін мәлімдеген.
Ұлыбритания мен Германия да Украинаға осы тәрізді қазіргі заманғы қару-жарақ беруге әзір екенін мәлімдеген. Киев болса Батыс елдерінен дүркіндете ататын реактивті қару жүйесінен де мықты қару-жарақтан көмектесуін сұрайды. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк жақында украин армиясы майданда Ресеймен тең дәрежеде шайқасу үшін бірнеше мың ауыр техника, соның ішінде 300 реактивті қару жүйесі қажет деп мәлімдеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
АҚШ Украинаға реактивті қарумен соққы беруге қажет барлау мәліметтерін бермекПутин "бұрын көзделмеген нысандарды атқылаймыз" деп дөңайбат көрсетті АҚШ Украинаға HIMARS артиллериялық ракета жүйесін бермек. Бұл қандай қару?