Мәскеулік депутат "соғыс туралы жалған ақпарат таратты" деген айыппен жеті жылға сотталды

Мәскеудің муниципальдық депутаты Алексей Горинов сотта тұр. 8 шілде 2022 жыл.

Мәскеудегі Мещанский соты қаладағы Красносельский ауданының муниципальдық депутаты Алексей Гориновты Ресей әскері туралы "фейк" ақпарат таратты деп жеті жылға соттады. Горинов - "Ресей әскері жайлы фейк тарату" бабы бойынша түрмеге қамалған алғашқы адам.

Судья Олеся Менделеева Гординовтың айыбы толық дәлелденді деп санайды, прокурор да соттан депутатты жеті жылға соттауды сұраған. Бұдан бөлек, Гординовқа төрт жыл мемлекеттік органдарды жұмыс істеуге тыйым салынды. Депутат жазасын қоныс колониясында өтейді.

Гординов өзіне тағылған айыпты мойындамай, соңғы сөзінде соғысты "адамдықтан айырылудың ең тез жолы" деп атады. Сот үкімі шыққан отырыста Алексей Горинов қолына "Сіздерге бұл соғыс әлі керек пе?" деген плакат ұстап тұрды. Сот залындағы қарауылдар бұл плакатты барынша жабуға тырысты.

Қылмыстық істе 15 нурыздағы депутаттар отырысындағы видеожазба себеп болған. Жиында Горинов "Украинадағы агрессия құрбандарын еске алу үшін" бір минуттық үнсіздік жариялауды сұрайды. Депутаттардың бәрі келісіп, орындарынан тұрады. Кейін Горинов балалар арасындағы барлық конкурсты өткізбеуді ұсынып, "Украинадағы соғыста жүздей бала опат болғанын" айтады.

Артынша бұл жиынның видеосын тележүргізуші әрі актриса Мария Шукшина интернетке жариялайды да, артынша іс қозғалады.

Ресей Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атайды. Ал соғыс сөзін қолданғандарды "фейк таратты" деген айыппен қудалайды.