Украин сарбаздарының алғашқы тобы Ұлыбританияда әскери дайындықтан өте бастады

Манчестер маңында дайындықтан өтіп жатқан украин еріктілері. Ұлыбритания, 7 шілде 2022 жыл.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаңадан әскери қызметке алынған 10 мың украин еріктісі алдағы айларда Ұлыбританияда әскери дайындықтан өтеді. Олар елге келіп, дайындыққа кіріскен.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, 1050 британдық жаттықтырушы тәжірибесіз украин еріктілерін Ұлыбританияның бірнеше аумағында жаттықтырады. Қорғаныс министрі Бен Уоллес осы аптада ертерек олармен кездескен.

"Бұл жаңа жаттықтыру бағдарламасы Ұлыбританияның Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан украин армиясын қолдауының келесі бір кезеңі" деді Бен Уоллес.

Британ министрінің сөзіне қарағанда, украиналықтар британ солдаттарын дайындайтын базалық бағдарламадан өтеді. Атап айтқанда, олар қару-жарақ қолдану, майдан алаңында алғашқы көмек көрсету, дала дағдылары, бақылау тактикасы және қарулы қақтығыс заңдарын меңгереді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Батыс елдері Украинаны қалай қолдауы керек? Америка генералымен сұхбатРесей елшісі: Мәскеу Украина оңтүстігінен әскерін әкетпейдіРесей Солтүстік Кавказ республикалары азаматтарын Украинадағы соғысқа тартып жатырАҚШ берген HIMARS реактивті қару жүйесі Украинаға жеттіНАТО Украинадағы соғыс "көп жылға созылуы мүмкін" деп ескертеді