14 шілдеде Қазақстанда 1257 адамнан коронавирус анықталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 153-ке көп.
Коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтан (353) мен Алматы қаласында (349) тіркелген.
Қалған өңірлердегі жағдай төмендегідей:
- Шымкентте – 103
- Ақмола облысында – 30
- Ақтөбе облысында – 7
- Алматы облысында –115
- Атырау облысында – 23
- Шығыс Қазақстан облысында – 15
- Жамбыл облысында – 60
- Батыс Қазақстан облысында – 13
- Қарағанды облысында – 70
- Қостанай облысында – 17
- Қызылорда облысында – 51
- Маңғыстау облысында – 16
- Павлодар облысында – 9
- Солтүстік Қазақстан облысында – 5
- Түркістан облысында – 21 науқас тіркелген.
Пандемия басталғалы бері 1 313 551 адамға коронавирус жұққан.
Қазір 5 483 адам коронавирустан емделіп жатыр. 89-ы коронавирус пневмониясына шалдыққан. 588 адам стационарда емделіп жатыр. қалғаны амбулатория жағдайында ем қабылдап жатыр. 16 адамның жағдайы ауыр, екі пациенттің жағдайы өте ауыр, бір науқас жасанды тыныс аппаратымен демалып жатыр.
Коронавирустың тарауы бойынша "сары аймақта" Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлер мен қалалар "жасыл аймақта". Осыған дейін Алматы билігі жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу міндеттелетінін хабарлаған.
Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген.