Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі шетелде ерікті батальонын құрып, бөтен аумақта соғысқа қатысқан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Өзбекстан елшілігі ресми сайтында шетелде жүріп, соғысқа қатысқан өзбек азаматтары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.
Сонымен бірге елшілік мигранттарды "ешқандай арандату әрекеттеріне ермей, сақ болуға" шақырды.
Өзбекстанның еңбек көші-қон жөніндегі агенттігі де шетелде жүрген азаматтарын әртүрлі ерікті әскери топтарға қосылмауға шақырған.
Өзбекстанның ресми өкілдерінің мұндай мәлімдеме таратуына “Пермь аймағындағы Орталық Азия өзбектері қоғамы" лидері Жахонгир Жалоловтың Украинадағы соғысқа қатысу үшін Темірлан атындағы батальон құруды ұсынған мәлімдемесі себеп болып отыр. Оның видео үндеуін Vetta телеканалы жариялады.
"Біздің балалар балабақшаға барады, мектептерде және университеттерде білім алады. Біз Ресейде тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біз жеген нанды ақтауға міндеттіміз. Ерікті батальон құрып, оны Әмір Темір [Темірлан] деп атауды сұраймын" деген үндеуінде Жалолов.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейде өзбек диаспорасы Украинадағы соғысқа қатысу үшін батальон құруды ұсынды