Болгария "Газпроммен" келіссөзден бас тартты, газ тасымалдау бойынша тендер жариялайды

Ресей газын импорттауға қарсы митинг. София, 10 тамыз 2022 жыл.

Болгария ресейлік "Газпроммен" газ тасымалдау бойынша келіссөз жүргізбейді. Бұл жөнінде Болгария премьер-министрінің экономика саясаты жөніндегі орынбасары Христо Алексиев хабарлады. Оның сөзінше, "Газпроммен" қайта байланыс орнату бойынша шешімді жаңадан сайланатын тұрақты үкімет қабылдауы тиіс. Қазір елді басқарып отырған уақытша үкімет қабылдай алмайды.

Болгария оған дейін сұйытылған табиғи газды тасымалдау бойынша халықаралық тендер жариялайды.

Сәуір айында Болгария Ресей газын рубльмен сатып алудан бас тартқан, бұдан соң "Газпром" тасымалды тоқтатқан. София балама тасымалдаушыларды табуға күш салып жатыр.

Тамыздың басында энергетика министрі міндетін атқарушы Розен Христов Болгария "тек балама жол қалмаған кезде" ғана "Газпроммен" келіссөз жүргізетінін айтқан.

22 маусымда Болгария парламенті президент Кирил Петков үкіметіне сенімсіздік білдірген. Қазір елді уақытша үкімет басқарып отыр. Жаңа сайлау тағайындалмады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

2023 жылдың басында Ресейде мұнай өндіру 20%-ға төмендейді Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейден көмір сатып алуды тоқтаттыБАҚ: Ресей Еуропаға газ экспортын азайтса, өз экономикасын өзі күйретеді Еуроодақ Ресей газына тәуелді болмай өмір сүре ала ма?Путин Еуропаға газ жеткізуді қысқартатынын мәлімдеді