Қостанай облыстық сот алқасының төрағасы жемқорлық күдігімен қамалды

9 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты жемқорлық күдігіне ілінген қостанайлық судьяға бұлтартпас шарасын қолдану туралы шешім қабылдады. Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасы Асқар Дарбаев екі айға қамалды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

41 жастағы Дарбаев 17 тамызда ұсталған. Судьяның ұсталғанын "Пара алу" (366-бап, 3-бөлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. ҰҚК хабарламасында күдіктінің аты-жөні аталмайды, бірақ оның Қостанай облыстық сотында жұмыс істейтіні айтылған.

Қазақстанның сот жүйесі атқару билігіне тәуелді деп айтылады. Судьяларды президент тағайындайды.

Кейінгі айларда жемқорлық күдігіне ілінген судьялар көбейді. Мамырда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Тараз қалалық соты төрағасының ісін тергейтінін айтқан. Ол "азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін пара алды" деген күдікке ілінген.

Былтыр Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жаңғұттинов пен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының бұрынғы судьясы Лиза Тұрғынбаева "пара алу" бабы бойынша сотталды.

  • Transparency International халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан сегіз сатыға төмендеп, 180 елдің ішінде 102-орын алған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жоғарғы сот жаза өтеген үш адамды ақтады. Енді әділетсіз үкім тыйыла ма? БҰҰ азапталған деп таныған азаматтың шағымын билік қайта қарай бастады"Кез келген уақытта қамауы мүмкін". 274-баппен қудалау үрдісіНұр-Сұлтанда наразылар сот жүйесін реформалауды талап етті