"Басымнан мыжып, тепкіледі". 50 жастағы азаматтың полицияда көрген азабы
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда митингіге қатысқан азамат түрмеден хат жазды. 50 жастағы Бауыржан Әлиасқаров "полиция мені азаптап, мойныма қылмыс артпақ болды" дейді. Адвокаттың сөзінше, азаптау шағымы бойынша құзіретті орган істі баяу тергеп жатыр. Бірде такси айдап, бірде құрылыста жұмыс істеген Әлиасқаровқа прокуратура "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айып таққан.