Ресейден қашқандар, Сатыбалдыға 6 жыл, Қуанышәлиннің тіркелмеген партиясы

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейде әскери мобилизация жарияланған соң елден кеткісі келетіндер күрт көбейген. Қазақстанға өтетін шекара бекеттерінде ұзын-сонар көлік кезегі пайда болған. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны прокурор 6 жылға соттауды сұрады. Ол миллиардтаған қаражатты заңсыз жолмен тапқанын мойындап, үкіметке қайтарған. Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған бастамашыл топ "Алға, Қазақстан!" дейтін партия құруға рұқсат алу үшін әділет министрлігіне құжат тапсырды.