Сәрсенбіде "Популярная политика" YouTube каналының жүргізушісі Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің туыстары делінген бірнеше адамға тікелей эфирде телефон соқты.
Жүргізуші өзін әскери комиссариат қызметкерімін деп таныстырып, сұқбат берушілерді мобилизация аясында әскерге шақырған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлы Николай әскери комиссариатқа барудан бас тартқан.
“Сіз менің Песков мырза екенімді білсеңіз, мен ол жерге баруым қаншалықты дұрыс емес екенін түсінуіңіз керек", - деген ол мәселені басқа деңгейде шешетінін жеткізген.
Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұлының бұл әрекетіне сенбейтінін айтып, оның сөздері бұрмаланған деді. Бірақ сұқбат тікелей эфирде көрсетілді.
Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустиннің ұлы ретінде таныстырылған абонент Алексей Мишустин мобилизацияға қосылмайтынын, себебі Жоғарғы экономика мектебінде магистратурада оқып жатқанын айтқан. Сонымен бірге ол соғысқа қатысуға ниеті жоқ екенін, өзінің білімімен айналысатынын жеткізген.
Росгвардия басшысы Виктор Золотовтың немересі Артём Чечихин қазір әскери қызметін өтеп жатқанын және командир қойған тапсырмаларды орындауға дайын екенін, бірақ әскери келісімге қол қойылмай жатқанын айтқан.
21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин жартылай мобилизация жариялаған.
Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мобилизация жарлығы аясында 300 мыңдай адам әскерге тартылатынын мәлімдеген.
Қарай отырыңыз: Ресейліктер Қазақстанға қашып жатыр (22 қыркүйек 2022 жыл).
Your browser doesn’t support HTML5