Ресей билігі мобилизациядан қашып елден кеткендердің тізімін жасап жатыр. Бұл туралы 28 қыркүйекте мемлекеттік дума отырысында спикер Вячеслав Володин мәлімдеді. Оның бұл сөзін Ресейдің билікшіл ақпарат құралдары таратты.
Володин тізім не үшін жасалып жатқанын ашып айтпады, бірақ елден кеткен азаматтар қайта оралғанда оларға қандай қарым-қатынас болатынын ойлану керек дегенді меңзеді.
"Кеткендерді қайда кеткенін, неге кеткенін ешкім байқамай қалады деп ойлайсыздар ма?" деді Володин.
Володин мобилизациядан қашқандар Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа енетін әрі Мәскеумен жақсы қарым-қатынастағы елдерге кетіп жатқанын айтып, "кеткендер түбі оралады" деп мәлімдеді.
21 қыркүйекте Ресей президенті Путин елде мобилизация жариялаған соң ондаған мың ресейлік елден қашқан. Ресейліктердің көбі қазір Қазақстан, Грузия және Орталық Азия елдеріне кетіп жатыр. Батыс елдері ішінен Германия мен АҚШ соғысқа барудан қашқан ресейліктерді қабылдауға дайын екенін білдіріп, әр адамның өтініші жеке-жеке қаралады деп мәлімдеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Орал қаласы мобилизациядан қашқан ресейліктерді қалай қабылдап жатыр?"Ресейде қалудың мәні жоқ". Павлодарда соғыстан қашқан ресейлік көп "Баласы табытпен орала ма деп қорқады". Ресейде мобилизация қалай жүріп жатыр?Грузияда Ресейдегі мобилизациядан қашқандарды мүсіркейтіндер де, мінейтіндер де бар