АҚШ,Ұлыбритания және Канада Ресейге тағы санкция салды. Тізімде Медведев, Шойгу, Мишустинннің туыстары бар

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев.

АҚШ, Ұлыбритания және Канада Ресейге тағы санкция салды.

АҚШ Ресейдің жүздеген азаматын санкция тізіміне енгізді. Арасында Ресей вице-премьері Александр Новак, Орталық банк жетекшісі Эльвира Набиуллина, Орталық банк басшысының бірінші орынбасары Ольга Скоробогатова да бар.

Бұдан бөлек, санкцияға Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасары Дмитрий Медведевтің әйелі мен ұлы, премьер-министр Михаил Мишустиннің әйелі мен екі ұлы, Ксения Собчактың анасы Людмила Нарусова, қорғаныс министрі Сергей Шойгу, ұлттық гвардия әскері федералдық қызметінің директороы Виктор Золотов, мемлекеттік дума мен сенат депутаттары және олардың отбасы мүшелері ілінген.

Ұлыбритания да Набиуллинаға санкция салды. Британдық шектеу негізінен IT-консалтинг, сәулет өнері, инженерия, жарнама, заң, аудиторлық қызмет саласындағы компанияларға қатысты.

Канада да Ресейдің 43 азаматына тыйым салды. Тізімде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі Татьяна Навка мен балалары, ВЭБ мемлекеттік корпорациясының жетекшісі Игорь Шуваловтың отбасы, Санкт-Петербургтың вице-губернаторы Владимир Княгинин мен "Газпром" басқарма төрағасының орынбасары Фамил Садыговтың отбасы мүшелері бар.

Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Ресей жаулап алған аймақтарын аннексиялау туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеген.

Видео: Ресей Украинада оккупациялаған жерлерін өз аумағына қосты (30 қыркүйек 2022 жыл).

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей Украинада оккупациялаған жерлерін өз аумағына қосты