Татарстан астанасы Қазан қаласында әскери комиссариатты өртегісі келді деген күдікпен 11-сынып оқушысын қамауға алған. Бұл туралы "База" телеграм-арнасы хабарлады.
"Базаның" ақпаратына қарағанда, оқушы қызды ұстағанда жанғыш сұйық құйылған бөтелке тапқан. Ол екі бөтелкесін әскери комиссариатқа лақтырып үлгерген, бірақ ғимаратқа бірнеше метр жетпей, шөпті өртеген.
Оқушы қыз полицейлерге Украинадағы соғыс пен мобилизацияға қарсы болғандықтан әскри комиссариатты өртегісі келгенін айтқан.
Кеше таңертең тағы бір белгісіз адам Красноярск әскери комиссариатын өртеуге талпынған. Ол комиссариат ғимаратына екі "Молотов коктейлін" лақтырған. Ғимаратқа зақым келмеген, күзетшілер өшіріп үлгерген.
Ұсталғандардың үстінен "мемлекет мүлкіне қасақана залал келтірмек болды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалады. Ресей қарулы күштерінің бас штабы әскери комиссариатты өртеу - террормен теңестірілетінін, қылмыскер 15 жылға дейін сотталатынын мәлімдеді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Путин үшін соғысқым келмейді". Мобилизациядан қашып келген ресейліктер не дейді?Ресей Украинадағы соғысқа байланысты мобилизация жариялаған соң Рес әскери комисариаттар мен полиция ғимараттары және әкімшіліктер жиі өртене бастаған. Қазірге дейін 50-ге жуық осындай өрт болған.
- Мұнан өзге 3 қазанда Мордовияда мемлекеттік мекемені өртеуге дайындалды деген күдікпен 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Үйінен порох пен химиялық реактивтер табылған. Күдікті әрекетін мойындап, үстінен қылмыстық іс қозғалған.
- 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты ішінара мобилизация жариялаған. Бастапқыда 300 мың адам әскерге алынады дегенімен, алғашқы күндері әскерге жаппай шақыру басталған.