Ресей президенті Владимир Путиннің 21 қыркүйекте шыққан "ішінара мобилизациялау" туралы жарлығынан кейін әскерге алынған Свердловск облысының Краснотурьинск қаласының тұрғыны Евгений Бизяев Украинадағы соғыста қаза болған.
Оның қаза болғанын анасы әлеуметтік желідегі ақпараттан білген, әскери комиссариат хабарды растаған. Бизяевтың қазасы туралы Екатеринбург қаласының It's My City басылымына оның туысы Анастасия айтып берген.
Анастасияның сөзінше, Бизяевті 28 қыркүйекте әскерге алған, бірнеше күннен кейін Украинадағы соғысқа жіберген. Артында үш жасар қызы қалған. Ұлының өлгенін әлеуметтік желіден білген анасы әскери комиссариатқа өзі барып сұрауға мәжбүр болған. Бизяевтің денесін Свердловск облысына әзірге әкелмеген.
Басылымның жазуынша, Краснотурьинскіден Бизяевпен бірге кеткен тағы бірнеше адамнан бір аптадан бері хабар үзілген.
Бұған дейін Краснотурьинск тұрғыны бұл қаладан әскерге алынғандарды келісімшартсыз, медициналық тексеріс, оқу-жаттығусыз-ақ шекара аймағана әкеткенін әңгімелеген. Краснотурьинск тұрғыны өзі секілді ондаған әйелмен бірге облыстық прокуратураға хат дайындап жатыр.
Свердловск облысының омбудсвумені Татьяны Мерзлякованың сөзінше, әскерге алынғандарды жаттығудан өткізу мерзімін әскери бөлім өзі белгілейді, дайындық екі күннен бір айға дейін созылуы мүмкін.
- Ресейде моблилизация бастан соң әскерге алынған 17 адам Украинадағы соғысқа бармай-ақ түрлі себеппен өлген. Кемі үш адам өз-өзіне қол салған.
- 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Украинадағы соғысқа байланысты ішінара мобилизация туралы жарлық шығарған. Мобилизацияға қарсы Ресейдің өз ішінде түрлі акциялар өтіп, әскерге жарамды азаматтары шетелге қашуға тырысқан, бір бөлігі Қазақстанға келген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейде "адам төзгісіз жағдайға" шыдамаған жүздеген жауынгер пойыздан түсіп қалды
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ресейде "мобилизациядан жалтару" бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды