Қырғызстанда 17 қазаннан бастап көмір экспорттауға уақытша тыйым салынады. Бұл жөнінде Қырғызстанның энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеді.
Оның сөзінше, мұндай шешім елде көмірге деген сұраныс көп болуына байланысты қабылданған.
Ибраев Бішкек жылу электр станциясына көмір сатып алу бойынша тендер жариялауға үлгермегенін, сол себепті "Электр станциялары кәсіпорны Қазақстаннан 400 мың тонна көмір сатып алу бойынша келісімге қол қойғанын білдірді.
Қазір Бішкек жылу электр станциясында 242 мың тонна көмір қоры бар.
Ибраевтың сөзінше, Қырғызстанның энергетикалық нысандары жылу маусымына 1 қарашада дайын болып қалады. Бүгінгі күні 90% дайындық жұмысы аяқталған.
Биыл энергетика саласын дамытуға 12 млрд сом бөлінгенін, бұл қаражат басталған реформаларды аяқтауға жұмсалатынын елдің үкімет басшысы айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қазақстан Еуроодаққа былтырғыдан екі есе көп көмір сатқан. Ал ішкі нарықтың жайын кім ойлайды?