Ұлыбритания премьер министрі Лиз Трасс 20 қазанда отставкаға кететінін жариялады. Ол премьер қызметінде 44 күн отырды. Трасс – Британия тарихында премьер-министр қызметінде ең аз отырған саясаткер.
"Жаңа премьер тағайындалғанша бұл қызметте қала беремін" деді Трасс.
Лиз Трасс 6 қыркүйекте Консервативтер партиясының лидері әрі премьер-министр болып тағайындалған. Ол бұл қызметке Борис Джонсонның орнына келген. Джонсон да премьерліктен шумен кеткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон орнын босататынын мәлімдедіТрасс билікке келген соң салық реформасын енгізбек болған, бірақ оның бұл бастамасы қоғам қарсылығына ұшырады. Трасс халық сынынан соң қаржы министрін ауыстыруға мәжбүр болған.