22 қазанда Қытай коммунистік партиясының съезінде президиумда отырған бұрынғы басшы Ху Цзиньтао залдан "күшпен" әкетілді. Қызметкер оны залдан жетелеп әкетті. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі жазды. Видеокадрларға қарағанда, 79 жастағы Ху Цзиньтао мұны күтпеген тәрізді. Оқиға себебі түсіндірілмеді.
Ху Цзиньтао компартия съезінде президиумда – қазіргі басшы Си Цзиньпиннің жанында отырған. Ху Цзиньтао кетіп бара жатып Си Цзиньпинге бірдеңе дейді, ал Си басын изейді. Бұдан соң Қытайдың бұрынғы басшысы отырыс залынан шығарылды.
【胡锦涛动作显示不自愿地被带离场】【拒绝"被搀扶"、试图再坐下、拍打李克强手臂、习近平反应冷淡】法新社画面显示,工作人员首先拿起了胡锦涛的眼镜,当尝试搀扶他时,胡锦涛右手缩回去,然后胡锦涛伸手拿习近平枱上的文件,工作人员即时制止。之后习近平头部转向相反方向,没有再理会胡锦涛。 pic.twitter.com/Y32PJyksP1
— 自由亚洲电台 (@RFA_Chinese) October 22, 2022
16-22 қазан аралығында өткен Қытай коммунистік партиясының съезінен соң Си Цзиньпин үшінші рет бес жылдық мерзімге сайланады деп айтылған. Сенбі күні съезде партия жарғысына түзетулер мақұлданып, партияның орталық комитетінің мүшелері қайта сайланды. Тізімге саяси бюроның тұрақты комитетінің жеті мүшесінің төртеуі кірмеген. Бұлар: премьер-министр Ли Кэцян, Ван Ян, Ли Чжаньшу мен Хань Чжэн. Бұған дейін соңғы екеуінің отставкаға кететіні айтылған.
Ақпаратқа қарағанда, партия жарғысына Тайвань тәуелсіздігіне қарсы тұру жөнінде де пункт енгізілген.
Ху Цзиньтао Қытайды 2003-2013 жылдар басқарған. Бес жылдан екі мерзім отырған соң билікті Си Цзиньпинге берген.