Қазақстанда 21 қыркүйектен бері шамамен 200 мың шетел азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) алуға өтініш берген. Бұл жөнінде 26 қазанда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов хабарлады.
"21 қыркүйектен бері шамамен 200 мың өтініш түсті. Бұл барлық шетел азаматынан түскен өтініштер саны. ЖСН бойынша нақты ақпарат айта алмаймын. Қазақстанда орнығып, банк есепшотын ашқысы келетін кез келген шетел азаматы ЖСН алуы тиіс" деді Тұрысов мәжіліс үзілісі кезінде журналистерге.
Ресей билігі Украинадағы соғысқа байланысты 21 қыркүйекте мобилизация жариялаған соң Қазақстанға 300 мыңдай ресейліктің қашып келгені, олардың жартысы елден кеткені хабарланған.
Бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрлігі 21 қыркүйектен бері тұрақты тұру құжатын алуға 2177 шетел азаматының өтініш бергенін, 998-і – Ресей азаматы екенін мәлімдеген. Осы уақыт аралығында Қазақстан азаматтығын алуға 1398 шетел азаматы өтініш берген, 221-і – Ресей азаматы.