Тоқаев бірнеше судьяны қызметінен босатты. Екеуі "теріс қылығы үшін" орнынан кетті

Алматы мен Астана соттарында кадрлық ауыс-түйістер болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "дисциплинарлық теріс қылығы үшін" № 2 Бостандық аудандық сотының судьясы Қанат Сырлыбаев, мамандандырылған экономикалық сот судьясы Ғалымжан Бекмамбетовті қызметінен босатты. Бұл жөнінде 26 қазан күнгі президент жарлығында айтылады.

Қостанай облысы сотының төрағасы Анатолий Смолин "отставкаға кетуіне байланысты" қызметінен кеткен.

Астананың жасөспірімдер ісі жөніндегі сот судьясы Динара Қабиденова "өзге жұмысқа ауысуына байланысты" қызметінен босаған.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот судьясы Қыдырбек Әлқожаев "қайтыс болуына байланысты" судьялар қатарына ілінбеген.

Астананың ауданаралық әкімшілік сотының судьясы болып Марлек Бекетов тағайындалған. Марал Омарова Ақтөбе қалалық сотының судьясы болды.

Қазақстанда судьяларды президент тағайындап, қызметінен босатады. Құқық қорғаушылар мұның сот тәуелсіздігіне теріс әсер ететінін айтып, сынға алған. Адвокаттар мен құқық қорғаушылар судьяларды сайлау қажеттігін талап етеді. Алайда билік тарабынан мұндай реформаны жүзеге асыруға деген ықылас байқалмады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Жоғарғы сот жаза өтеген үш адамды ақтады. Енді әділетсіз үкім тыйыла ма?