Біріккен ұлттар ұйымы, Түркия мен Украина 31 қазанда Украина астығын экспорттау туралы келісім бойынша 16 кеменің Қара теңіздегі қозғалысы жөнінде келісім жасасқан. Кемелер қазір түріктердің су аймағында тұр. Бұл жөнінде Reuters хабарлады. Украина порттарынан астық алып шығуға рұқсат беретін келісімнен шығуына байланысты бұл келісім Ресейдің қатысуынсыз жасалған.
Украина, Ресей, Түркия және БҰҰ өкілдері жұмыс істейтін Стамбулдағы Бірлескен үйлестіру орталығының мәлімдемесінде Түркия, Украина және БҰҰ 31 қазан, дүйсенбіден бастап Украинадан шығатын 40 кемені бақылауға келіскені айтылған. Бұл жөнінде Ресейге хабар берілген.
РИА "Новости" ақпаратына қарағанда, Кремль "Ресейдің қатысуынсыз жасалған келісім Мәскеуге ешбір міндет жүктемейді" деп жауап берген.
- "Астық келісімі" БҰҰ мен Түркияның ара арағайындығы арқылы Ресей мен Украина арасында биыл 22 шілдеде жасалған. Астық артқан алғашқы кеме Одесса портынан 1 тамызда шыққан.
- БҰҰ мәліметіне қарағанда, 1 тамыздан 28 қазанға дейін Украина портынан 9 миллион тоннадан астам астық пен өзге де азық-түлік шығарылған.
- 29 қазанда Ресей аннексияланған Севастопольдегі әскери кемелеріне дронмен жасалған шабуылға байланысты "астық келісімінен белгісіз мерзімге дейін шығатынын" хабарлаған.
- АҚШ пен Еуропа одағы Мәскеуді бұл шешімінен қайтуға шақырған.