Өзбекстанда пәтерді жалға беру 16 пайыз қымбаттаған

Көрнекі сурет.

Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитеті қазан айында жылжымайтын мүлікті жалға беру 16,1% қымбаттағанын хабарлады. Ең жоғарғы көрсеткіш ел астанасы Ташкентте – 51,6%, ең төменгісі Хорезм облысында – 1%.

Комитет бұдан бөлек қазанда тауар мен қызмет көрсету бағасы 1,2 пайыз өскенін атап өткен. Күнделікті тұрмысқа қажет тауарлар 12,2 пайыз қымбаттаған.

Осыған дейін Ташкентке Ресейден мобилизациядан қашып келген азаматтар көбейгеннен кейін жалға берілетін пәтер қымбаттап кеткені айтылған.

Түрлі мәліметтер бойынша, Кремль 21 қыркүйекте мобилизация жариялағаннан бері Ресейден 700 мың адам шығып кеткен. Өзбекстан статистика комитеті қыркүйек айында осы елге 78,2 мың ресейлік турист кіргенін, бұл сәуір айымен салыстырғанда 2,7 есе көп екенін айтады.

Кейінгі 9 айда Өзбекстанға 318 156 ресейлік барған (210 902 - ер, 107 254 әйел).

Мобилизация жарияланған соң ресейліктер көрші елдерге, оның ішінде Қазақстанға да үдере көшкен. Ондаған мың адамның аз уақытта қаптап келуі Қазақстанда да жалға берілетін пәтердің қымбаттауына әсер етті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ресейден мобилизацияға дейін кеткендердің қазіргі өміріӨскемендегі ХҚКО-да кезекте тұрған ресейліктер көп. Қалада пәтер бағасы қымбаттады"Пайда көріп қалғысы келеді". Соғыстан қашқан ресейліктер пәтер нарығына қалай әсер етті?Соғыстан қашқан ресейліктер көбейген тұста Алматыда пәтер жалдау қымбаттады "Дүрлігуге негіз жоқ". Алматы әкімдігі пәтер жалдау құнының қымбаттауына байланысты түсініктеме берді