Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласында үйінділер арасынан 42 жастағы тәжік азаматы Шамсиддин Жалиловтың денесі табылды.
Туыстарының айтуынша, Жалилов Мариупольда орыс әскері кіргеннен кейін жоғалып кеткен.
"Шамсиддиннің аты-жөні құжаттары бойынша анықталған. Оны тану мүмкін емес болып қалған", - дейді бауыры Хомид Жалилов.
Шамсиддиннің қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Мариуполь қаласы бірнеше ай бойы орыс әскерінің қоршауында қалып, мамыр айының ортасында оккупацияланған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ МАГАТЭ Запорожье АЭС-інің салқындатқыш жүйесінде ақау барын мәлімдеді