Дүйсенбі, 28 қарашада Өзбекстаның Бұхара қаласында биыл шілденің бірі мен екісінде Нүкіс қаласында болған оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша ашық сот басталады. "Бұл іс бойынша барлығы 22 адамға айып тағылған" деп хабарлады Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Әбидов.
Қылмыстық істі Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ республикасының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е. Әбибуллаев бастаған сот қарайды.
Нүкіс оқиғасын зерттеген парламент комиссиясының сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы айып тағылған тағы да 107 адамды "гуманизм принципімен" бостандыққа шығарған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қарақалпақстандағы наразылыққа байланысты ұсталған 35 күдікті қамаудан шықтыӨзбекстан құқық қорғау органдарынан қашып келген қарақалпақ белсенділерін қыркүйек-қазан айында Қазақстан құқық қорғау органдары ұстаған. Бүгінге дейін қамауға алынған төрт белсендінің аты-жөні мәлім, олар: Зиуар Мирманбетова, Раиса Құдайбергенова, Жангелді Жақсымбетов, Қошқарбай Төремұратов және Тілеубике Юлдашева.
Биыл шілденің басында болған Нүкіс оқиғасы кезінде кемі 21 адам өлген, оның төртеуі құқық қорғау органдары қызметкерлері. 270-тен аса адам жараланған.
Нүкіс оқиғасы Өзбекстан билігінің Қарақалпақстан конституциясына өзгеріс енгізу жөнінде бастамасына байланысты туған. Жаңа өзгерісте Қарақалпақстанның егемендік статусы мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы жойылатыны көрсетілген. Жаппай толқудан кейін Ташкент бұл ұсынысынан бас тартқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Қарақалпақстан жұрты республиканы "егемен" статусынан айыруға қарсы шықты ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Көз алдымда кеудесі қақ бөлінді". Нөкістегі шеру мен қантөгісті көрген адамның әңгімесі