Украиналық әскери Бахмут маңындағы шайқаста. 6 желтоқсан 2022 жыл.
Донецк облысындағы Бахмут қаласы үшін шайқас көктемнің соңында басталған. Ресей Донбасстағы Попасная, Лисичанск, Северодонецк қалаларын алған соң Бахмутқа беттеген. Бірақ кейінгі бірнеше аптада Украина да, Ресей де Бахмут маңына әскерінің басым бөлігін шоғырландырып, осы қала үшін шайқасты күшейтті.
Украина әскерінің Бахмут маңындағы шебі. 2 желтоқсан 2022 жыл.
Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков 4 қарашада «Ресей әскері Донецктегі Бахмут қаласы маңындағы шабуылы сәтті болды» дейді. Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW) 7 қарашадағы есебінде «Ресей әскері Бахмут маңында сәл алға жылжыды, бірақ қаланы қоршау деген мақсаттарына толық жеткен жоқ» деп мәлімдеді.
Украина әскері Бахмут маңында жүр. 2 желтоқсан 2022 жыл.
Украина қарулы күштері 6 қарашадағы есебінде «Ресей әскері Донецк облысындағы Бахмут және Авдеев бағытындағы шайқаста авиацияны көп қолданып жатыр» деді. Украина тарабы Донецк облысындағы шайқас кезінде Ресей әскері «шығынға ұшырап жатқанын», Донецктегі ауруханалар жаралы солдаттарға толып қалғанын айтады.
Украина әскерилері Бахмутта жүр. 6 желтоқсан 2022 жыл.
Украина әскерінің шығыстағы бөлімінің ресми өкілі Сергей Череватыйдың сөзінше, Бахмут маңында Ресей күніне 50-100 әскерінен айырылып жатыр. Сарапшылар Бахмут үшін шайқаста Украина әскерінің де шығынға ұшырап жатқанын айтады.
Бахмут маңында жүрген Украина әскерилері. 30 қараша 2022 жыл.
Бахмутта қаза болған жергілікті тұрғынды жерлеу. 5 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмутта тұратын 70 мың адамның көбі қаланы тастап кеткен. Қазір мұнда қарттар ғана қалған. Қалада су мен жарық жоқ, көптеген үйлер қираған. 4 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмутта су мен жарық жоқ, көптеген үйлер қираған. 4 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмут маңындағы зират. Мұнда жаңа қабірлер көп. 5 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмут маңында жүрген Украина әскерилері. 30 қараша 2022 жыл.
Әскери сарапшылардың сөзінше, Ресей Харьков пен Херсондағы жеңілістен соң әскерилердің рухын көтеру үшін Бахмутты алуға тырысады, бұған қоса Украина әскерінің Лисичанск пен Северодонецкке қарымта шабуылға шығуына тосқауыл қойғысы келеді. Мәскеу "Украина Бахмутты бағындырса, әскерін жабдықтап Ресей бақылауындағы Лисичанск пен Северодонецк қаласына қарымта шабуылға шығуы мүмкін" деп қауіптенеді.
Украиналық әскери дәрігерлер Бахмут маңында жараланған солдатты емдеп жатыр. 3 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмут қаласының ішінде жүрген украиналық әскерилер. 5 желтоқсан 2022 жыл.
Бахмутта Ресей әскерінің шабуылынан соң өртеніп жатқан үй. 4 желтоқсан 2022 жыл.
Украина әскерилері Бахмут маңындағы шептегі орталықта отыр. 6 желтоқсан 2022 жыл.