Иран билікке қарсы наразылық кезінде ұсталған тағы бір адам дарға асты. Бұл туралы 23 желтоқсанда Mizan Online сайтына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады.
23 жастағы Маджид Реза Рахнавард Мешхед қаласында "жұрт алдында" дарға асылған. Агенттіктің хабарлауынша, оған "Басидж" еріктілер отрядының "екі мүшесін өлтіріп", "Құдайға қарсы қылмыс жасады" деген айып таққан. "Басидж" еріктілері елдегі наразылықты басып-жаншуға қатысып жатыр.
Бұған дейін Иран билігі белсенді Мохсен Шекариді дарға асқан. Иранның революция соты оны "Құдайға қарсы қылмыс жасады" деп айыптаған. Шекаридің өлім жазасы 8 желтоқсанда орындалғаны хабарланды.
Иранда қыркүйектің соңында 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін билікке қарсы жаппай наразылық басталған. Полиция Аминиді хиджабты дұрыс кимедің деген айыппен ұстап әкетіп, кейін ол ауруханада көз жұмған. Халық полиция Аминиді ұрып-соққан деп күдіктенеді.
Иранда қыркүйектен бергі наразылық кезінде жүздеген адам қаза тауып, 15 мың адам ұсталғаны хабарлады. Полиция наразылыққа шыққан халыққа күш қолданып, ұрып-соққаны айтылды.
ВВС сайтының жазуынша, Иран – адамды өлім жазасына кесу бойынша Қытайдан кейін екінші орында тұрған ел.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
Иранда наразылыққа қатысқан 24 адамға өлім жазасы қаупі төніп тұр Иранда наразылыққа қатысушылардың бірі өлім жазасына кесілдіИран билігі "әдеп полициясын" таратты, хиджаб кию заңын қайта қарауға уәде еттіИран футбол федерациясы АҚШ құрамасын әлем чемпионатынан шеттетуді талап етті