Украина Жоғарғы жемқорлықпен күрес жөніндегі соты Әділет министрлігінің бұрынғы президент Виктор Януковичтің барлық мүлкін тәркілеу жөніндегі арызын қанағаттандырды.
Сот мәліметінше, Януковичтің Киев түбіндегі резиденциясы, Сухолуьедегі қонақ үй-мейрамхана кешені, Киевтегі Оболон жағалауындағы пәтері, банк есептеріндегі қаражаты (1 миллион доллардан асады), кәсіпорындардағы үлесі, сонымен бірге 537 мәдени құнды заты (жалпы құны 18,7 млн еуро) тәркіленді. Олардың арасында кітаптар, иконалар, суреттер, антиквар жиһаздар, сағаттар, құмыралар, қылыштар, қарулар, тіпті XIX ғасырдың пушкасы да бар.
Янукович 2010-2014 жылдар аралығында Украина президенті болды. 2014 жылғы ақпанда Майдандағы наразылық кезінде елден қашты; мұндай өзгеріс Қырым аннексиясына, Донбастағы жанжалдың басталуына себеп болды.
Украинада Януковичті мемлекетті сатты деп айыптады. Оның үстінен басқа да айыптар негізінде қылмыстық істер қозғалды. Айыптардың бірі негізінде оны сырттай 13 жылға соттаған. Қазір Янукович Ресейде тұрады, көптен бері көпшілік алдына шықпаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Соғыстың жарты жылында Путин мен Зеленский қалай өзгерді?