Қазақстандық 18 жастағы шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда шахматтың блиц түрінен өткен әлем біріншілігінде әйелдер арасында чемпион атанды.
Асаубаева блицтен әлем чемпионатында екі рет қатарынан топ жарды. Ол 2021 жылы Польшада өткен рапид пен блицтен әлем чемпионатында блицтен алтын медальға, ал рапидтен күміс медальға ие болған.
28 желтоқсанда шахматтың рапид түрінен қазақстандық Динара Сәдуақасова Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль иеленген.
Блиц пен рапид – шахматтың жылдам ойнайтын түрлері. Әдетте бір партияға рапидте 15-60 минут, ал блицте 10 минутқа дейін уақыт беріледі. Ойыншылар жүрістерін таразылап отырмастан, жылдам шешім қабылдауы керек.
Бибісара Асаубаева – Қазақстандағы ең мықты шахматшылардың бірі. Бұдан бұрын ол 8, 10, 12 және 14 жасқа дейінгі қыз балалар арасында өткен дәстүрлі шахмат жарыстарында әлем чемпион болған. Ол бірнеше жыл Ресей атынан жарысқа қатысып, кейін Қазақстанға қайта оралған.
Асаубаева биыл Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерін мемлекеттен негізсіз ақша сұрады деп мәлімдеген еді.
Your browser doesn’t support HTML5