Қазақстанда қалың қарға байланысты 127 автожол аумақтары жабылды, 49-ы – республикалық, 78-і облыстық маңызы бар жолдар. Бұл жөнінде 4 қаңтарда төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, жолда қалған жолаушыларды құтқару мақсатында республикалық және аймақтық штабтар құрылған.
"Блокбекеттерде 600 көлік тұрып қалды. Өткен тәулікте құтқарушылар 691 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді, 137-сі – бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарында). 145 техника сүйреп шығарылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.
Аймақтарда уақытша жылыну орындары ашылған. Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында мұндай орындарында 420 адам бар, 69-ы – бала.
"Қазгидромет" мәліметінше, 4 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады.