"Көлікке атылған жалғыз оқ әйелімнің басына тиген". Қаңтарда әйелінен айырылған Нұрсұлтанның әңгімесі
Your browser doesn’t support HTML5
"Зеренің" бүгінгі қонағы – Нұрсұлтан. 41 жастағы азамат Қаңтар оқиғасы кезінде әйелі – Жанарадан айырылып қалды. 7 айлық баласына дәрі іздеп шыққан отбасының көлігіне бір ғана оқ тиген. Сол оқ 35 жастағы Жанараның басына тиген. Нұрсұлтан төрт баласымен жалғыз қалды. Бұған дейін пәтер жалдап тұрып жатқан отбасыға билік пәтер берген. Дегенмен "қанша үй берсін, қанша миллион берсін, әйелімнің орнын баспайды ғой, Жанарыммен пәтер жалдап тұрғаным артық еді" дейді Нұрсұлтан. Бұл – бұған дейін журналистермен кездескісі келмеген азаматтың алғашқы сұқбаты. Ол әйелінің де, өзінің де фамилиясын атамауымызды өтінді.