Риддердегі жалғыз қазақ мектебі "Пионерлер үйін" паналап отыр

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 16 мектептің ішінде жалғыз қазақ мектебі бар. Онда оқушылар Совет кезінде "Пионерлер үйі" болған ескі ғимаратта білім алады. Мекеменің тозығы жеткен. Ата-ана мен мұғалімдердің жаңа мектепке көшіру өтініші жылдар бойы орындалмай келеді.