Ереуіл тоқтамады. Талап "орынсыз" ба?

Your browser doesn’t support HTML5

Батыс Қазақстан облысында айлықты 50 пайыз көтеруді талап еткен жұмысшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Әкім олардың талабын орынсыз деп санайды. Киевте қазақстандық қыз тұрғындарға құрыш сауыт тігіп, көмектесіп жүр. Ол басқыншы орыс билігі Қазақстанға да қауіп төндіретінін айтады. Оның күдігін Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңестің хатшысы да қуаттайды. Украина неміс танкілерін күтіп отыр. "Лоепарды" бар елдер Германиядан рұқсат сұрайды. Ал Ресей билігі әскер санын көбейтіп, қорғаныс саласын реформалайтынын мәлімдеді.