Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны "терроризм актісі" айыбымен 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Ааттыққа Ақтөбе облыстық соты хабарлады.
Соттың мәліметінше, Ақтөбе тұрғынына "діни алауыздықты қоздыру" (ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі), "терроризмді насихаттау" (ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған.
Тергеу материалдарында оның 2022 жылғы маусым-шілде айларында "Telegram мессенджерімен террроризмді насихаттайтын электрон кітаптарды таратқаны, жиһадқа шақырғаны" жазылған. Тергеу "терроризм насихаты бар" материалдарды алған төрт адамды да анықтаған.
Ақтөбе қаласының №2 соты сотталушыны кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыпты толық мойындаған. Мұны сотталушының адвокаты Раушан Төлеубаева да растап отыр. Адвокат Төлеубаева Азаттық тілшісіне өз қорғауындағы азаматтың келісімінсіз ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты.
Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.
Бас прокуратураның хабарлауынша, 2017 жылдан бері "Киберқадағалау" жобасы аясында "экстремизм мен терроризм белгілері бар 900 мыңнан астам веб-сілтеме бұғатталған". Ведомствоның айтуынша, арасында айыпталушының YouTube-тегі "терроризмге қатысы бар" уағызы да аталады. Оның 3 мың жазылушысы бар және видео 5 мың рет көрілген.
Облыстық сот хабарламасында айыпталушының аты-жөні аталмайды.