Украина қарулы күштері: Ресей бір тәулікте 106 ракета жаудырды

Атып түсірілген ракета. Бейтарап сурет.

Өткен тәулікте Ресей армиясы Украинаға аумағына 106 ракета жіберді деп хабарлады Украина қарулы күштері.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей С-300 зенит ракетасы кешенінің 32-сін және 74 қанатты ракета жіберген. Бұған қоса, 10 ақпанда 59 рет әуе соққысы жасалған, оның 28-інде "Шахед-136" дроны пайдаланылған.

Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, 22 дрон атып түсірілген. Бұған қоса, үстемелете ататын реактив жүйе 90 рет қолданылғаны хабарланды.

10 ақпанда Ресей Украина аумағына зымыран жаудырған. Елдің оңтүстігі, шығысы мен батысында жарылыстар болды. Энергетика нысандары қирады.

11 ақпанға қараған түні Днепропетровск облысындағы екі энергетика нысанын Ресей "Шахед" дронымен атқылаған. Бұл жөнінде аймақтың әкімшілік жетекшісі Сергей Лысак хабарлады. Оның айтуынша, шабуылдан "едәуір" шығын келген. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан бөлек, Одесса облысында төрт, Николаев облысында бес дрон атып түсірілген.