Канаданың әуе кеңестігінде белгісіз құрылғы атып түсірілді. Цилиндр формалы аппарат 12 шақырым биіктікте көрінген. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо объектіні жою туралы бұйрық бергенін мәлімдеп, аппарат азаматтық авиалайнерлердің ұшуына кедергі жасауы мүмкін екенін айтты.
Құрылғыны Аляскадағы Америка-Канада базасына тиесілі АҚШ әскери-әуе күштерінің F-22 истребителі атып түсірген. Канада әскері объект кімге тиесілі екенін анықтау үшін оның қалдықтарын жинамақ.
Бір апта ішінде Солтүстік Американың әуе кеңістігінде осыған ұқсас үш оқиға болды.
- 4 ақпанда АҚШ Оңтүстік Каролина штатында Қытайға тиесілі аэростатты атып түсірген. Американың түсіндіруінше, ол әскери нысандарға тыңшылық жасау үшін қолданылған болуы мүмкін. Қытай бұл ғылыми мақсатта жіберілген аппарат екенін айтып, АҚШ-тың әрекетін айыптаған.
- 10 ақпанда Аляска штатында тағы бір аппарат атып түсірілді. Ол қай елге тиесілі екені анықталып жатыр.