Тұрғындар Назарбаев бекіткен бағдарламаны шектемеуді сұрайды
Your browser doesn’t support HTML5
Астанада бір топ тұрғын Ұлттық банк алдына жиналып, биліктен "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасына қойылған жылдық шектеуді алып тастауды сұрады. Олардың сөзінше, бір жылға бекітілген 100 млрд теңге ешкімге жетпейді. Астананың өзінде жеңілдетілген ипотекамен үйлі болам деушілердің саны мыңға жуық.